Интернет алаяқтықпен күрес – Абай облысындағы жағдай

Интернет алаяқтықпен күрес – Абай облысындағы жағдай

Жыл басынан бері Абай облысында 104 интернет-алаяқтық дерегі тіркеліп, 25 қылмыстың беті ашылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Абай облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Мират Қабытаев баяндады,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі. Полиция қызметкерінің айтуынша, зардап шегушілердің көбі зейнет жасындағылар мен қаржылық сауаттылығы төмен адамдар. Өткен жылы облысымызда барлығы 982 қылмыстық іс қозғалды.

-  Интернет - платформаларда тауарларды сатып алу және банктер мен полиция өкілдерінен алаяқтық қоңыраулары сияқты дәстүрлі схемалардан басқа, алдаудың жаңа түрлерінің өсуі байқалады, оның ішінде зиянды қосымшаларды орнату және мессенджерлерде күдікті сілтемелерге өтуге сұрау салу , - дейді Мират Қабытаев.

Сондай-ақ спикер, халықтың қаржылық сауаттылық деңгейінің төмендігіне байланысты  әлеуметтік желідегі танымал видеохостингтер мен түрлі схемалар арқылы  қылмыскерлердің құрбанына айналатынын атап өтті.

- Алаяқтар құрбандарын ақша салуға көндіру үшін үлкен ұтысқа уәде беріп, оларды қызықтыруға тырысады. Алаяқтық нәтижесінде жәбірленушілер өз қаражаттарын үшінші тұлғалардың банктік шоттарына жиі аударады. Көбінесе шабуылдаушылар танымал мессенджерлер арқылы банктік карталарды сатып алу және қолма - қол ақша қызметтері туралы хабарландырулар таратады, - деп қорытындылады уәкілетті органның өкілі.


#Абай облысы, #интернет, #алаяқ