Кассациялық сот – демократияға бастар жол

Кассациялық сот – демократияға бастар жол

Кассациялық сот жүйесінің қарапайым халық үшін тиімді тұстары өте көп. Бұл елдегі сот жүйесін реформалау бойынша заңға енгізілген өзгерістер нәтижесінде пайда болды. Жаңа заң қабылданып, Жоғарғы соттың рөлі өзгереді. Кассациялық сот туралы редакциямызға Алматы қаласы, Бостандық ауданының судьясы Ж. Асылбекқызы түсінік берген еді, деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі.

Мәселен, Алматы қаласы Бостандық ауданында қаралуы тиіс әкімшілік іс басқа қаланың сот қарауына жіберіледі. Сотта жеңіліген тарап осылайша аппеляциялық соттан кейінгі сатыны өз қаласында емес, басқа өңірде немесе республикалық маңызы бар қаланың сотында қайта қаратуға мүмкіндік алады. Бұл ұзақ жылдар бойы сот жүйесіне сыбайлас жемқорлық жолымен, әкімдер мен құзырлы органдардың сотқа қысым көрсету арқылы өзіне қажетті сот шешімін шығарып алу практикасына тосқауыл жасайды.

Экс ауматтық сот бұған дейін азаматтық істе болған. Енді әкімшілік іске де енгізілді. Сот жүйесіне мұндай жаңашылдық енгізу тегін емес. Себебі, әкімдікпен соттасатын қарапайым тұрғындардың соттан жеңіліп қалуы жиілеген. Шағым көбейді. Енді, шағымданушы сот пен жергілікті биліктің арасында ымыраластық бар деп күдіктенсе, істі басқа қаланың сотының қарауына жібере алады. Аймақты арнайы жүйе автоматты түрде өзі таңдайды. Ал, тәуелсіз кассациялық сот азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша тек Астанада ғана құрылады. Кассациялық сотқа, аппеляциядан әділдік таппағандар шағымдана алады.

Десе де, заңгерлер арасында сот жүйесіндегі бұл жаңа реформаға өзара талқылаулар мен сын-пікірлер де жоқ емес. Мамандардың айтуынша, бұл өзгерістен кейін үш сатылы сот, төрт сатылы болып қалыптасып кетпейді ме деген қауіптенеді. Елімізде жаңа кассациялық соттар 2025 жылдан бастап құрылады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, кассациялық соттардың кадрлық құрамы неғұрлым тәжірибелі судьялар қатарынан болуы керек дегенді алға тартты. Ол әзірге еліміздің бас қаласы Астана қаласында құрылады деп жоспарланып отыр. Яғни негізгі сот процесінен де, апелляциялық соттан да жеңілген шағымданушы тарап енді Астана қаласында құрылатын кассациялық сотқа барып өз өтінішін білдіре алады. Ондағы мамандар арнайы автоматты жүйе арқылы істі басқа өңірге жібере алады. Автоматты құрылғы таңдаған аймақтың соты шағымданушы тараптың ісін қайта қарап, оған төрелік етуге құқылы. Бұл еліміздегі демократияға бастар жол деп айтар едім. Себебі басқа өңір мен аймақта сотқа қатысушы екі тараптың таныс-тамыры жоқ, сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдік те болмайды. Бұл істі қараудағы ашықтықты қамтамассыз етеді деген үміттемін. 


#заң, #сот жүйесі