«Қауіпсіз жаңа жыл» акциясы

«Қауіпсіз жаңа жыл» акциясы

Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Қауіпсіз жаңа жыл» акциясы жөнінде БАҚ өкілдерінің қатысуымен жаңа жыл мерекесі кезіндегі қауіпсіздік тақырыбында брифинг өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 
Абай облысының ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Болат Ағыманов және Абай облысының полиция департаментінің Әкімшілік басқармасының бастығы Бауыржан Омаров қатысты.  Болат Ағымановтың айтуынша, Абай облысы бойынша жаңа жылдық іс-шараларды өткізуге арналған 397 нысан бақылауға алынды. Іс-шаралар өткізілетін орындарда 472 адамды қамти отырып, өрт қауіпсіздігі бойынша 286 нұсқама, 738 дана үгіт-түсіндіру материалдары таратылды. Профилактикалық іс-шаралар мақсатында полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп рұқсатсыз сату және сауда орындары бойынша пиротехникалық бұйымдардың сертификатталмаған өнімін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде, - деді Болат Ағыманов.  Аталған рейдтік іс-шаралар 2024 жылдың 3 қаңтарына дейін жалғаспақ. Әкімшілік бұзушылықтар анықталған жағдайда полиция қызметкерлері кінәлі тұлғаларға қатысты

 25 АЕК сомасындағы  айыппұл түріндегі жазалар қолданады. Облыс тұрғындары мен қонақтарына жаңа жылдық мерекелер кезінде пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін еске сала кетсек: отшашуды құрылыс нысандарынан кем дегенде 50 метр шалғай жерде ату керек;

оларды желді ауа-райында қолданғанда мұқият болып, кәмелетке толмаған азаматтар отшашуды тек ересектермен бірге тұтатып, тамашалауы қажет;

отшашуларды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.


#заң