«Қауіпсіз жол» ЖПІШ барысында Абай облысында жол ережесін бұзудың 2 мың фактісі анықталған

«Қауіпсіз жол» ЖПІШ барысында Абай облысында жол ережесін бұзудың 2 мың фактісі анықталған

«Қауіпсіз жол» ЖПІШ аясында  Абай облысының полицейлері жол ережесін бұзушылықтың 2 мың фактісін анықтаған, -деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Абай облысында жол қозғалысы қауіпсіздігі және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полицейлер «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шараларын өткізуде. 8 күн ішінде тәртіп сақшылары 2000 бұзушылықты анықтап, жолын кесті, оның ішінде көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін 20 факт. Полицейлер жаяу жүргіншілермен де жұмыс жасауда. Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 200-ден астамын жаяу жүргіншілер анықталды. Барлық құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК 615-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.


#заң, #Абай облысы, #Полиция, #жол