Қазақстанда қағаз құжаттар қайта енгізіледі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елде бұрынғы үлгідегі қағаз құжат айналымы қайта қалпына келтірілетінін хабарлады. Шенеуніктердің айтуынша, бұл шара цифрлық форматтағы деректердің таралуын болдырмауға бағытталған. Бұл туралы abaidan.kz ақпараттық агенттігі Qaznews24 сілтеме жасап хабарлайды.
Азаматтар енді қайтадан РНН, СИК алуға, сондай-ақ мекенжай тіркеуін үй кітапшасына тіркеуге міндетті болады. Ескі құжаттарын сақтап қалған азаматтарға оларды жеңілдікпен қайта рәсімдеуге рұқсат етіледі. Ал қалғандары толық құнын төлеуге тиіс. Қағаз құжаттар болмаған жағдайда айыппұл салынады.
Бұдан бөлек, жеке деректердің таралуы жағдайында енді жауапкершілікті азаматтардың өздері — "жеке ақпаратты сақтау кезінде сақтық танытпағаны үшін" — көтеретін болады.
Еске салайық, маусым айының ортасында Қазақстан тұрғындарының жеке деректері жазылған 16,3 миллион жазба интернетке тарап кеткен еді.
#құжаттар, #цифрлық технологиялар