Қазақстанда Ішкі істер министрлігінде жаңа комитет пайда болды
Қазақстанда Ішкі істер министрлігі жанынан жаңа комитет құрылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігінt сілтеме жасап, abaidan.kz хабарлайды.Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды. "Қазақстан Ішкі істер министрлігінде Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті құрылсын", – делінген құжатта.
Өзгерістерге сәйкес, енді Ішкі істер министрлігіне мыналар кіреді:
- Қазақстан Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы;
- Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті;
- Әкімшілік полиция комитеті;
- Көші-қон қызметі комитеті;
- Есірткі қылмысымен қарсы күрес комитеті.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап, яғни 2024 жылы 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Туризм және спорт министрлігінде Ойын бизнесін және лотереяны реттеу жөніндегі комитет пайда болған еді.