Қазақстандық жүргізуші куәлігі енді Ресейде жарамсыз

Қазақстандық жүргізуші куәлігі енді Ресейде жарамсыз

1 сәуірден бастап «Жол қауіпсіздігі туралы» федералды заңға тиісті түзетулер күшіне енді. Нәтижесінде 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін Ресейде тұруға рұқсат алған немесе Ресей азаматтығын алған шетелдіктер үшін шетелдік жүргізуші куәлігі күшін жояды, -деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Kazinform сілтеме жасап.

Оны пайдаланғаны үшін жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 мың рубль (шамамен 90 мың теңге) айыппұл салынады.

Түзетулерге сәйкес, шетелдік, оның ішінде қазақстандық және халықаралық жүргізуші куәліктері шетелдіктер тұруға ықтиярхат (РФ) немесе Ресей азаматтығын алған күннен кейін бір жылдан кейін жарамсыз деп танылады.

Заңның бұл нормасы шетелдік лицензиясы бар және шетелде берілген ресейліктерге де қатысты. Олар құжатты Ресейге алғаш кірген күннен бір жылдан кейін ауыстыруы қажет. Ол үшін емтиханды қайта тапсыру керек.

Дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері шетелдік жүргізуші куәлігі негізінде жүргізуші куәлігін оқудан өтпей, емтихан тапсырмай, көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы медициналық анықтама ұсынбай ала алады.

Айта кетейік, 7 мыңнан аса қазақстандық жүргізуші куәлігін екі батырманы басу арқылы ауыстырды.


#заң, #Қазақстан, #Ресей