Қазақстандықтар енді ХҚКО бармай-ақ телефон арқылы аты-жөнін өзгерте алады
Қазақстандықтар енді ХҚКО бармай-ақ телефон арқылы аты-жөнін өзгерте алады ,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі. eGov.kz электрондық үкімет порталында қазақстандықтар туу, неке және ажырасу туралы актілік жазбаларға өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізуде сұрата алады. Портплдвғв бұл жаңа қызмет жеткілікті негіз болған жағдайда және мүдделі тараптар арасында дау болмаған жағдайда құжаттарға өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Мұндай өзгерістердің мысалы ретінде есімді, фамилияны және әкесінің атын өзгертуді келтіруге болады.