Қостанайдағы өрт: Марқұм 5 баланың анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қостанайдағы өрт: Марқұм 5 баланың анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қостанай облысы Жітіқара қаласында өрттен көз жұмған бес балның анасы 5-10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Dalanews.kz сілтеме жасап.

Бұл туралы Қостанай облысының прокуратурасы Buzyq телеграм арнасына мәлімдеген. Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің “Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

“Мұндай жағдайда тек бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, басқаша жаза тағайындалмайды”, - дейді арна мәлімдеген хабарламада.

Еске салайық, 11 қазанға қараған түні Қостанай облысында жеке үйден өрт шығып, кәмелетке толмаған бес бала қаза тапты. Балалар үйде жалғыз қалған. Алтыншы бала аман қалған. 

"Наша газета" мәліметінше, қайғылы оқиға сағат 04.29-да болған.

"Құтқарушылар 7 минуттың ішінде келген. Алайда үй тұтас өртеніп кеткен", - дейді жергілікті әкімдік өкілдері. 

Өрт сағат 06.08-де толық сөндірілген. 

Үйде 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған балалар болған. Араларында тек 2011 жылы туған бала аман қалған. 

"Алдын ала болжам бойынша, олардың анасы кешкі уақытта танысына кеткен. Күйеуі бас бостандығынан айырылған. Өрттің қайдан шыққаны анықталып жатыр", - делінген хабарламада. 


#заң, #Полиция