Костенко шахтасындағы апат: 9 адам қамауға алынды
Бас прокуратура Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы жарылысқа қатысты тергеу барысын айтты, - деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап..
"46 кеншінің өмірін қиған Костенко шахтасындағы жарылыстарға қатысты тергеу аяқталып жатыр. Шахтаның 9 лауазымды адамы күдікті деп танылып, қамауға алынды", - деп хабарлады ведомство.
Айта кетейік, бұған дейін көмір өндіру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамаған деген күдікпен 7 адамның ұсталғаны хабарланған болатын. Еске салайық, 2023 жылғы қазанда Костенко шахтасында апат болған еді.
#заң, #Бас прокуратура, #Қарағанды облысы, #шахта