ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің шекарашылары шекара тәртібін бұзу фактілерінің алдын алды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің шекарашылары шекара тәртібін бұзу фактілерінің алдын алды

2025 жылғы маусым айының ортасында Абай облысы аумағындағы шекаралық бақылау бөлімшелерінде бірнеше заңбұзушылық анықталды.

Есірткі заты тәркіленді:

15 маусым күні сағат 18:45-те «Ауыл» автомобильдік шекаралық бақылау бөлімінде шекарашылар қызметтік иттің көмегімен рейстік автобуста Ресейге бет алған ҚР азаматшасының жүгінен жасыл түсті, ерекше иісті өсімдік тектес зат – шамамен 5 грамм марихуана тәркіледі. Аталған дерек бойынша тіркеу жүргізіліп, азаматша ішкі істер органдарына тапсырылды.

Заңсыз валютаны алып өту әрекеті тоқтатылды:

13 маусымда осы өткізу пунктінде Ресей азаматы елімізден 1 386 833 рубль (8,3 млн теңгеге жуық) көлемінде қолма-қол ақшаны заңсыз алып өтпек болған. Бұл сома рұқсат етілген мөлшерден 3 млн теңгеге артық. Тұлға мемлекеттік шекарадан өткізілмей, уәкілетті органдарға тапсырылды.

Қос азаматтық фактісі анықталды:

17 маусымда Ресей Федерациясының азаматшасы қос азаматтығы бар екені анықталып, Қазақстан шекарасынан өткізілген жоқ. Ол Семей қаласының көші-қон қызметі полициясына берілді.

Шекара режимі мен көші-қон заңнамасының бұзылуы:

• 12 маусымда ҚР азаматының құжаттарының мерзімі өткендіктен шекарадан өтуіне жол берілмеді, оған ӘҚБтК 513-бабы бойынша айыппұл салынды.

• 13 маусымда Моңғолия азаматы елде тіркеусіз 50 күн жүргені үшін сот шешімімен 5 жылға елден шығарылды.

• 16 маусымда Қытай азаматы тіркеусіз жүргені үшін ескерту алды.

• 17 маусымда Тәжікстан азаматшасы елде тіркеусіз 84 күн жүргені үшін айыппұл салынып, шекарадан өткізілмеді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің шекарашылары мемлекеттік шекараны күзету барысында заңға қайшы әрекеттерге жол бермеу үшін жүйелі шараларды жалғастыра береді.


#заң, #Абай облысы, #Шекара, #ҰҚҚ