ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысының шекарашылары сирек кездесетін құстармен шекара бұзушыларды ұстады

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысының шекарашылары сирек кездесетін құстармен шекара бұзушыларды ұстады

2025 жылғы 13 наурызда сағат 17:40-та «Дозор тыл» шекара наряды (Семей шекара басқармасы) мемлекеттік шекара сызығынан 23 км қашықтықта, «Борас» шекара бөлімшесіне қарасты аумақта үш азаматты ұстады. Олардың бірі – Қазақстан Республикасының, екеуі – Өзбекстан Республикасының азаматтары. Ұсталушылардың өздерін куәландыратын құжаттары болмаған.

Жергілікті жерді тексеру барысында тас жолдан 10 метр қашықтықта хаки түстес екі үлкен брезент сөмке табылды. Олардың ішінде 38 сәндік құс, алдын ала мәлімет бойынша, сұрбас шақшақайлар болған. Ұсталғандар бұл құстарды жақын маңдағы орман алқабында аулап, кейін көбейтіп, сатуды жоспарлағанын түсіндірді.

Қабылданған шаралар:

🔹 Екі Өзбекстан азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 510-бабы бойынша шекара режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

🔹 Заңсыз аңшылық фактісі бойынша қылмыстық сипаттағы ақпарат тіркеу кітабына енгізілді.

🔹 Ұсталғандар, құстар мен көлік құралы одан әрі тергеу жүргізу үшін Бесқарағай аудандық полиция бөліміне тапсырылды (Акт №… 13.03.2025 ж.).


#заң, #Абай облысы, #ҰҚҚ