"Құқықтық тәртіп" ЖПІШ: жеті күн ішінде Абай облысында 3 600-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Ағымдағы жылдың 20-30 қараша аралығында елімізде "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Абай облысында 800-ден астам полиция, Ұлттық ұлан қызметкерлері, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының, "Amanat" партиясының өкілдері, еріктілер жұмылдырылды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басты мақсат -көшелерде және қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, сондай - ақ жол қауіпсіздігінің алдын алу, жолын кесу және ашу, көші-қон заңнамасының нормаларын сақтау .  

Жеті күн ішінде тәртіп сақшылары 3 688 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 47 тыныштықты бұзу фактісі, 18 ұсақ бұзақылық фактісі, 386 қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу фактісі, 122 кәмелетке толмаған заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде болды. Семей, Курчатов, Аягөз және Бородулиха аудандарында бұрын жасалған 22 қылмыс ашылды, сондай-ақ іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталды. Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма аудандарында тегіс ұңғылы атыс қаруын заңсыз сақтаудың 7 фактісі анықталды.  

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету желісі бойынша 1 500 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін сақтамаудың 354 фактісі, жаяу жүргіншілерге қозғалыста артықшылық бермеу-142, жаяу жүргіншілер тарапынан ережені бұзудың 257 фактісі, маневр жасау ережелерін бұзудың 140 фактісі. Уақытша бейімдеу және интоксикация орталығына 80 азамат, 10 кәмелетке толмаған бала бейімдеу орталықтарына орналастырылды.

"Рейдтік шаралар барысында тұрғын алабын аулалық аралау жүргізіледі. Жергілікті полиция күштерімен 2 295 есептік тұлға тексерілді, олардың арасында ювеналды полиция желісі бойынша – 539 отбасы. Кешенде бұл ауқымды жұмыс біздің облысымыздағы криминогендік жағдайды айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан.


#заң, #Абай облысы, #Құқықтық тәртіп