Кірістер комитеті алаяқтықтың жаңа түрінен сақтануға шақырды

Кірістер комитеті алаяқтықтың жаңа түрінен сақтануға шақырды

Казір әлеуметтік желілерде алаяқтар Каспи банктің мобильді қосымшасы арқылы жалған хабарламалар жіберіп, салық міндеттемесін орындау туралы түрлі мазмұндағы ақпарат таратып жатыр,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап. 

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, мұндай хабарламада "төлем" функциясымен "Салық берешегін төлеу үшін шот қойылды" деген жазу болады. Егер оны адам басып жіберсе, қаражат салық төлеушілердің банк шотынан төлем растауынсыз есептен шығарылады.

Осыған байланысты, ҚР Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық берешегі туралы хабарламалар алған кезде ақшалай қаражат рұқсатсыз есептен шықпауы үшін салық бойынша берешектің бар/жоқ екенін мына ЕДБ мобильді қолданбалар арқылы нақтылап тексеруді ұсынады:

  • "Каспи банкі" АҚ ("Барлық төлем" сервисінде → "Айыппұлдар және салықтар" → "Салықтар" → "Салық берешегін төлеу" → "Тексеру");
  • "Халык банкі" ("Барлық төлем" сервисінде → "салықтар, айыппұлдар, ХҚКО қызметтері" → "Салықтар" → "Салық берешегін төлеу (көлік, жер және мүлік)" → "Тексеру");
  • "e-Salyq Azamat" ("Электронды сервистер" қойындысы → "Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметі"→ "ЖСН-ды енгізу" → "Іздеу").        "Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді төлеу - әркімнің парызы және міндеті. Бұл ретте сақ болыңыздар, алаяқтарға алданып қалмаңыздар!" - деп ескертті комитет.

#заң, #банк, #салық