Мас күйінде мотоцикл басқарған жүргізуші ұсталды
Мас күйінде мотоцикл басқарған жүргізуші ұсталды,-деп хабарлайды Абай облысы ПД баспасөз қызметі. Ақсуат ауданының полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару кезінде «Ақсуат-Танамырза» тас жолында ЖҚЕ бұзған 42 жастағы ер адамның басқаруындағы мотоциклді тоқтатқан.
Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушініден алкогольдің өткіз иісі шығып тұрғандықтан, тәрітіп сақшылары ер адам медициналық куәландыруға жеткізілген. Куәландыру қорытындысы жол қозғалысы ережелерін бұзушының «орташа дәрежелі» масаң күйінде екенін растаған.
Полиция 42 жастағы жүргізушіні көлік құралын басқарудан шеттетіп, құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша «Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны» үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы әкімшілік хаттама толтырылды.
Жиналған материалдарды полицейлер тиісті заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолдады.
Абай облысы Полиция департаменті азаматтарды көлік құралының руліне мас күйінде отырмауды ескертеді. Полиция азаматтарды жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, жылдамдықты асырмауға шақырады. Ең алдымен, жүргізушілерге өз өмірі туралы ойлауды ескертеді. Есіңізде болсын, Сізді жақындарыңыз үйде күтіп отыр.
#Абай облысы ПД