Облыста

Облыста "Браконьер"жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді

Абай облысының аумағында ағымдағы жылдың 1-29 ақпан аралығында "Браконьер"жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарланған,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Аталған іс – шараның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу", - деп атап өтті Абай облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Әсет Өтепов

Тәртіп сақшылары мүдделі уәкілетті органдардың өкілдерімен бірлесіп браконьерлік фактілерін анықтау тұрғысынан күнделікті барлық жерде рейдтік іс-шаралар жүргізетін болады. Заңсыз аң аулау, ормандарды кесу, жануарлардың су түрлерін өндіру, объектілер мен биологиялық ресурстар өнімдерінің заңсыз айналымы-браконьерлік ұғымына жататын табиғат қорғау заңнамасын бұзу түрлері.

Өткен жылы Абай облысының табиғат қорғау полициясының қызметкерлері табиғат қорғау заңнамасын 900-ден астам бұзушылықты, 15-тен астам қылмыстық теріс қылықты анықтады, олардың арасында заңсыз аң аулау, балық ресурстарын өндіру, ағаштар мен бұталарды кесу және зақымдау фактілері бар.


#заң, #Полиция