Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар екі азаматты анықтады.
Олардың бірі бұрын бірнеше рет әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған: бұзақылық үшін, есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін, сондай-ақ 2022 жылғы сот үкімімен – денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін. Ол төрт жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасына сотталып, қазіргі уақытта пробациялық бақылауда тұр.
Құқықбұзушылар полиция бөліміне жеткізілді. Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот қаулысына сәйкес екеуі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды: бұрын сотталған азамат 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған, ал екінші қатысушыға 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Полиция қоғамдық тәртіпті бұзатын және Қазақстан Республикасының халықаралық беделіне нұқсан келтіретін кез келген әрекеттер қатаң әрі дер кезінде тоқтатылатынын атап өтеді. Өңірдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілген режимде жалғасуда.
Айта кетерлігі, 2025 жылғы 23 қарашада «Тик-ток» әлеуметтік желісін мониторингтеу барысында Аягөз ауданының тұрғыны өз парақшасында жеке бейнежазбасын жариялап, ол ары қарай таралып кеткен болатын. Оқиға Аягөздегі жол бойындағы дәмханада орын алған,-деп хабарлайды Абай облысы ПД баспасөз қызметі.


Фотолар әлеуметтік желідегі видеодан алынды.