Салықтан жалтарған кәсіпкер жазаға тартылды

Салықтан жалтарған кәсіпкер жазаға тартылды

Өскемен қаласында 39 жастағы азаматша кәсіпкерлік қызметпен айналысып, белгілі бір құрлыс фирмасын басқарған. Ол мемлекеттiк бюджетке салық төлеуден жалтару мақсатында, мемлекетке зиян келтiру салдарын түсiне отырып, басқарып отырған кәсiпорынның шығыстары мен кiрiстері туралы әдейi бұрмаланған мәлiметтерді беріп,сатып алушыларға жазылған шот-фактуралар көлеміндегі ҚҚС сомасын кем бағалап, салық пен бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдерден жалтарған. Сол арқылы мемлекетке 300 000 000  теңгеден артық  көлемінде материалдық залал келтірген.

    Өскемен қаласының соты ҚР ҚК 245-бабында көзделген қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған коммерциялық ұйымдарда 3 (үш) жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 5 (бес) жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады.

Қазіргі уақытта сотталған адам Абай облысының Семей қаласының ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Мекеме қызметкерлері онымен үнемі тәрбиелік әңгімелер өткізеді. Ол қылмыс жасағанына өкінеді, – деп хабарлайды № 21 мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Дархан Кымбатқазыұлы Бигазиев.


#заң, #салық