Самат Әбіш кінәсін мойындап, өкінді - сот

Самат Әбіш кінәсін мойындап, өкінді - сот

Сотта Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты үкім түсіндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап,  abaidan.kz .

Астананың Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Самат Әбішке қызмет бабын асыра пайдалану бойынша үкім шығарды.

"Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болған жарияланымдарға байланысты Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты билікті асыра пайдаланды деген айып тағылған Ә-ге қатысты қылмыстық іс (Қылмыстық кодекстің 362-бабы, 4-бөлігі) қаралғанын хабарлайды. "Құпия" белгісін ескере отырып, сот отырыстары жабық форматта өтті", - делінген сот хабарламасында.


#заң