Семей қаласында «мини-полицейлер» жобасы қайта іске қосылды

Семей қаласында «мини-полицейлер» жобасы қайта іске қосылды

Тәртіп сақшыларының формасын киген балалар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге үлес қосуда,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біл және сақта»: мини-полицейлер жолды дұрыс кесіп өтуді үйретеді!

Бойы кішкентай болса да, маңызы үлкен! Абай облысының мини-полицейлері «Біл және сақта» айдарының кейіпкерлері болып, жолды қалай дұрыс кесіп өту керектігін көрсетті:

— тек «зебрамен» өту,

— тек жасыл шамға өту,

— тек көліктердің толық тоқтағанына көз жеткізген соң өту.

Өз үлгісімен олар қауіпсіздік – жастың емес, жауапкершіліктің белгісі екенін дәлелдейді.

Дұрыс өт – мини-полицейлер бол!

Бұл жоба балалардың жауапкершілік сезімін қалыптастырып, құқық қорғау органдарының жұмысын тереңірек түсінуге бағытталған. Бұған дейін де Семейде осындай бастама жүзеге асырылып, қала тұрғындарынан оң пікір алған болатын.

Кішкентай жаяу жүргіншілерді жол қозғалысына белсенді қатыстыру – жауапкершілікті мінез-құлықты тәрбиелеудің тиімді жолы.

Мини-полицейлер өз ісімен қауіпсіздік әркімнен басталатынын дәлелдеп жүр. «Біл және сақта» айдары балаларға ережелерді есте сақтауға ғана емес, оларды өзгелерге жеткізуге де көмектеседі, Ересектерге жолдағы мұқияттық пен жауапкершілікті тағы бір мәрте еске салады.


#заң, #Полиция, #жол