Семей тұрғыны үйінде есірткі сақтаған
«Қарасора-2023» жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс орталығының 56 жастағы тұрғынының үйінен санкцияланған тінту барысында, қонақүй бөлмесінде теледидар қорабына жасырылған өсімдік тектес ұнтақ заты бар қағаз орамы табылып, тәркіленді. Бұл туралы Абай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Сараптама көрсеткендей, зерттеуге ұсынылған зат «гашиш» есірткі құралы болып шықты. Жалпы салмағы – 1,25 грамм.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі – «Өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарын заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.