Семейде санитарлық талаптарды бұзған нысанға 115 АЕК айыппұл салынды

Семейде санитарлық талаптарды бұзған нысанға 115 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласында қоғамдық тамақтану орындарының саны жылдан жылға артып келеді. Өткен жылы қалада 297 нысан жұмыс істесе, биыл олардың саны 328-ге жеткен. Алайда мамандар кез келген тамақтану орнын таңдарда абай болуға кеңес береді. Әсіресе жаз мезгілінде тағамнан улану, жіті ішек инфекциялары мен ботулизмге шалдығу қаупі артады.

Осыған байланысты Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қоғамдық тамақтану орындарында жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізуде. Мамандар тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары мен дайындау технологиясына ерекше мән беруге шақырады.

Биылғы жылы қалада жаппай улану және ботулизм жағдайлары тіркелмеген. Алайда жіті ішек инфекциясына байланысты 2 жағдай анықталған. Санитарлық талаптарды бұзған кәсіпкерге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл салынған. Ботулизм – алдын алу үшін үй жағдайында дайындалған консервілерді қоғамдық тамақтану орындарында қолданбау, сақтау мерзімі мен температурасын мұқият бақылау, қызметкерлердің жеке гигиенасын сақтау және күмән тудыратын өнімдерді пайдаланбау қажет, – деп атап өтті Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қалдыбатыр.            

Мамандардың айтуынша, санитарлық талаптардың орындалмауы тұрғындардың денсаулығына тікелей қатер төндіреді. Сондықтан тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәдениетін қалыптастыру – әрбір кәсіпкер мен тұтынушының ортақ міндеті.

Жыл басынан бері қоғамдық тамақтану орындарына қатысты 13 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 1 нысанға айыппұл салынған. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 115 АЕК немесе 452 180 теңге көлемінде айыппұл өндірілген.


#Семей, #заң, #айыппұл