Семейде зауыт жұмысшылары 9 ай көрмеген жалақыларына қол жеткізді

Семейде зауыт жұмысшылары 9 ай көрмеген жалақыларына қол жеткізді

Абай облысының прокуратурасы Семейдегі машина жасау зауытын тексеріп, жалақысын ала алмай жүрген жұмысшылардың мәселесін шешті, деп хабарлайды  abaidan.kz Zakon.kz сілтеме жасап. Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен 90 млн теңгеден астам жалақы берешегі өтелді.

"Атап айтқанда, Еңбек Кодексінің талаптарын бұза отырып, "Семей машина жасау зауыты" АҚ-тың 125 қызметкеріне 9 ай бойы жалақы төленбеген. Прокуратура басшылығы облыс әкімдігімен және уәкілетті органдармен бірлесіп, бірқатар шаралар қабылдады". Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 Нәтижесінде жалақы бойынша берешек толығымен өтелді, сол арқылы 125 қызметкердің құқығы қорғалды.


#Семей, #заң, #жалақы