Семейлік полицейлер жоғалған 50 бас малды иесіне қайтарып берді

Семейлік полицейлер жоғалған 50 бас малды иесіне қайтарып берді

11 желтоқсанда жергілікті тұрғын ірі қара малының жоғалғаны туралы көмек сұрап Әуезов полиция бөліміне хабарласқан. Айтуынша, 10 желтоқсанында түскі уақытта Семей қаласынан 40 шақырым қашықтықта Знаменка тас жолындағы шаруа қожалығының аумағынан  50 бас мал жоғалып кеткен. Бұл туралы abaidan.kz тілшісіне Абай облыстық ПД баспасөз қызметінен хабарлады. 

Аталған факті ҚР ҚК 188-1-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  Өтініш түскеннен кейін полиция қызметкерлері іздеу іс-шараларын ұйымдастырды. Мал іздеуге атты полиция, қарда жүретін көліктер жұмылдырылды, сондай-ақ жақын маңдағы аумақты айналып өту үшін дрон көтерілді.  Бір тәулік ішінде ауа-райының қолайсыздығында, көшеде температураның күрт төмендеуі байқалған кезде, полицейлер отбасының жалғыз табыс көзін іздестіру шараларын жүргізді.  Іздеу шараларының нәтижесінде жоғалған сиырлар ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында табылды. Қаланың криминалдық және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қарағаштар арасында далада жоғалған жерден 18 шақырым қашықтықта жоғалған малды тапты.

Өз кезегінде мал иесі полиция қызметкерлеріне жедел әрекеттері үшін алғысын білдірді. Өйткені, іздеуді кейінге қалдыру малдың өліміне әкеп соқтырар еді.


#Семей, #заң, #Абай облысы