Серік Күдебаевқа елден қашқаны үшін қосымша жаза берілді

Серік Күдебаевқа елден қашқаны үшін қосымша жаза берілді

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін жаңа мерзім алды, деп хабарлайды агенттік Zakon.kz сілтеме жасап .

Алматы облысы Кеген аудандық сотында Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың Қазақстаннан қашып кетуіне қатысты іс қаралды. Үкімді судья Әсем Елемес шығарды. Ол адвокаттың Күдебаевқа айыппұл салу туралы өтінішін қолдамай, одан да ауыр жаза – қосымша мерзім тағайындады.

"Сот істің барлық материалдарын зерттеді. Серік Күдебаевтың заң бұзып, Қазақстан шекарасын қасақана кесіп өткені анықталды. Осылайша қамауға алынған соң елге экстрадицияланды. Сондықтан алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл жаза 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасына қосылады".Судья Әсем Елемес

Бұған дейін Серік Күдебаевтың адвокаты соттан генерал-майорға елден қашқаны үшін 1000 АЕК-ке дейін (3 миллион теңгеден астам) айыппұл салуды сұраған болатын.


#заң, #Полиция