ШҚО-да екі жыл бойы өзен аңғарынан алтын өндірді деген күдіктілер қамауға алынды
Шығыс Қазақстан облысында өзен аңғарында бағалы металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісі анықталды, деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап.
Ведомство Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті және прокуратурамен бірлесіп, Ұлан ауданы Шыбынды өзенінің аңғарында заңсыз алтын өндірді деген күдіктілерді анықтаған.
"Күдіктілер лицензиясыз екі жыл бойы өзен арнасын өзгерте отырып заңсыз алтын өндірген. Кен өндіруде ауыр арнайы техника мен кенді қайта өңдеуге арналған өнеркәсіптік жабдық қолданылған. Серіктестің заңсыз қызметі салдарынан келтірілген экологиялық залал 300 млн теңгеден асты", - дейді ҚМА ресми өкілі.
Құзырлы орган мәліметінше, тінту барысында құны 382 млн теңге болатын 6 кг алтын тәркіленді.
Ұйымдастырушы екі ай мерзімге қамауға алынды.
️ Тергеу әлі жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбады..