«Синтетика» таратқандар ұсталды
Абай облысының полиция қызметкерлері арнайы операция барысында «Синтетика» таратумен айналысқандарды ұстады,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының жедел аға уәкілі Думан Үкіжановтың айтуынша, олардан 23 пакетке оралған синтетикалық препарат тәркіленген. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың мөлшері 2,22 гр құрайды. Нәтижесінде 28 және 22 жастағы Павлодардың екі тумасы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 297 бабы 3 бөлігі бойынша аса ірі мөлшерде есірткі өткізгені үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.
#заң, #Қылмыспен күрес, #Полиция