Синтетикалық есірткі сатушылардың қызметі тоқтатылды
Семей қаласында арнайы бөлімшенің күштік қолдауымен полицияның жедел-тергеу іс-шараларын ұзақ әзірлеу және кешені нәтижесінде синтетикалық ірі есірткі сатушылардың қызметі тоқтатылды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ұсталған 2 адамның мекенжайын тінту кезінде салмағы 500 г-нан асатын "мефедрон" психотроптық затын тауып, тәркіледі. Күдіктілердің қылмыстық бизнеске қатысы барын растайтын ұялы телефондар тәркіленді.
“Есірткі тұтыну үшін 1500-ден астам бір реттік доза заңсыз айналымға жіберілмеді, олардың "қара" нарықтағы алдын ала құны 20 млн теңгеден астам сомаға бағаланады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, оларға он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр”, - атап өтті Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков
#Семей, #Абай облысы, #есірткі