Сот жүйесін цифрландыру - заман талабы
Бүгінде цифрландыру қоғам дамуының маңызды бөлігіне айналды. Барлық дерлік салада ашықтық пен жылдамдыққа ие болу үшін қолға алған мүмкіндік - сандық оңтайландыру. Осылайша, цифрландыру процесі - азаматтардың құқықтарын қорғауға елеулі әсер ететін елдің құқықтық инфрақұрылымын жаңғыртудың маңызды кезеңі болып, күллі әлем аяқ басты. Елімізде де сот жүйесі тиімділікті арттыру мақсатында ақпарттық технологияларды белсенді түрде енгізіп келеді. Атап айтар болсақ, сот жүйесін цифрландырудың негізгі бағыттарының бірі - электронды сот төрелігін енгізу болды. Бұл істерді қарауды жеделдетуге, азаматтар мен кәсіпкерлердің сот төрелігіне қолжетімділігін, сот процестерінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік берді. Бұл туралы Алматы қаласы, Медеу аудандық сотының судьясы Г.Р.Ажибаева айтты ,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі.
Электронды сот төрелігінің көмегімен азаматтар мен ұйымдар сотқа құжаттар мен өтініштерді арнайы онлайн платформалар арқылы беріп, бұл мүмкіндік күту уақытын қысқартуға үлес қосты. Соның ішінде электрондық құжат айналымы сот процесіне қатысушылар арасында ақпарат алмасуды жылдамдатып, қағаз айналымын азайтса, электронды сот отырысы қатысушылардың уақытын үнемдеп, процедураны айтарлықтай жеңілдетті.
Жүйеге цифрлық технологияларды енгізу бірқатар қосымша маңызды артықшылықтарға ие. Сот жүйесін цифрландыру бюрократиялық процедураларды азайтуға және процестерді автоматтандыру және стандарттау арқылы сыбайлас жемқорлық қаупін азайтуға көмектеседі. Өйткені, олар сот процестерінің барысын нақты уақыт режимінде бақылауға және ықтимал бұзушылықтарға дер кезінде ден қоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сандық технологиялар құжаттарды толтыру, тапсырмаларды тарату, мерзімдерді қадағалау және т.б. сияқты көптеген күнделікті процедураларды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Дей тұрғанмен, цифрландыруды табысты жүзеге асыру үшін судьялардың, адвокаттардың және сот процесінің басқа да қатысушыларының жаңа технологиялармен жұмыс істеуге дағдылануын қамтамасыз етудің маңызы зор.
Қазақстандағы сот жүйесін цифрландыру қазіргі сот төрелігі мен азаматтардың құқықтарын қорғау үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, дамуды жалғастыруда. Бұл процесті табысты жүзеге асыру еліміздің құқықтық жүйесін жаңғыртуда және тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму үшін жағдай жасауда шешуші рөл атқарады.
#сот жүйесі, #цифрландыру, #сот