Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!: «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облысындағы филиалы жиын өткізді

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!: «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облысындағы филиалы жиын өткізді

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облысындағы филиалының ұжымы «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында жиын өткізді, - abaidan.kz 

тілшісі Жол активтері сапасының ұлттық орталығының Абай облысындағы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 Жиын барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер туралы айтылды. Сонымен қатар, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері мен талаптары түсіндірілді. Есептік кезеңде тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілері жайлы сөз болды.

Жиында ұлттық орталық мамандарының арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін барынша азайту, сыбайлас жемқорлық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету мен азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға одан әрі ауқымды тарту жөнінде шаралар қабылдау жайы айтылды. Кездесуде қызметкерлерге жемқорлыққа қатысты нақты оқиғаларға негізделген мысалдар келтірілді.  

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.


#Абай облысы, #жемқорлық, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"