Терроризмге қарсы оқу-жаттығу жиыны өтеді

Терроризмге қарсы оқу-жаттығу жиыны өтеді

2024 жылдың 7 қарашасы Семей қаласында   терроризмге қарсы оқу-жаттығу жиыны өткізіледі,- деп хабарлайды abaidan.kz Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Абай облыстық жедел штабына сілтеме жасап.
 

Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалды дамытудың әртүрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталатын болады. Осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысын жабу бойынша шаралар қарастырылған.

 

Қала тұрғындары мен қонақтарынан осы іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарына бағынуды сұраймыз.


#Семей, #Абай облысы, #оқу-жаттығу, #терроризмге қарсы