Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз қоғам: Жаңа заң тәртібі қандай?

Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз қоғам: Жаңа заң тәртібі қандай?

Еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің артуы қоғамда біраз өзгерістердің қажеттігін дәлелдеп берді. Жыл сайын 400-ге жуық қазақстандық әйел осылай сеніп қосылған адамның қолынан көз жұмады деген статистика көпшіліктің алаңдауына негіз болды. Елде тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңның бар болуы, бірақ істің тек әкімшілік күйінде қалып қоюы – ұзақ жылдар бойы мәселенің нүктесін қоюға кедергі келтіріп келді. Қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын білетін ерлер қол көтеріп, күш көрсетсе де темір торға тек бірнеше тәулікке тоғытылумен шектелетін. Дегенмен биыл сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты жазаны күшейтетін заң жобасына қол қойды.

Жаңашылдықтарға сәйкес, енді денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруге байлынсты салынатын АЕК көлемі 15-тен 200 ге дейін өскені бар.  Сондай-ақ 15 тәулікке дейінгі қамаққа алу тәртібі 50 тәулікке дейін болып ұзартылды. Ал тәнауруынаұшыратқан, бірақденсаулығынажеңілзиянкелтірмеген күш қолдану болса 80 АЕКмөлшеріндегіайыппұлдан 25 тәуліккедейінқамаутүріндежазаланатын болды. Бұрын бұл 10 АЕК және 10 тәулікке дейінгі әкімшілік қамау болатын. 

Ал қылмыстық жауакершілікке байланысты үнемі азаптау мақсатында аса қатездікпен жасалған зорлық-зомбылық денсаулықққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтірмесе, жәбірленушіні өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізсе және денсаулыққа қасақана ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіргенде жағдайға байланысты 2 жылға дейінгі мерзімнен 9 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру қарастырылған. 

Енді қабылданған өзгерістер мен түзетулер аясында қоғамдағы өзекті мәселе шешімін тауып, тұрмыстық зомбылық деңгейінің төмендеуіне әсер етеді деген сенім мол. Бастысы – «шаңырағымды сақтаймын» деп өзін сақтай алмай қалатын әйелдердің үн-түнсіз күн кешпей, болашағын ойлауы.

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Умбеталиева К.М


#заң, #Құқықтық тәртіп