ҰҚК Қазақстан көлік вице-министрін ұстады

ҰҚК Қазақстан көлік вице-министрін ұстады

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті көлік вице-министрінің ұсталғаны туралы хабарлады. Ол жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап, abaidan.kz ақпараттық агенттігі.

"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қазақстан Көлік вице-министрін пара алды деген күдікпен ұстап, сот санкциясы негізінде қамауға алды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген Қазақстан ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетсек, маусымның соңынан бері Көлік министрлігін "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев басқарып келеді.

Көлік министрлігінің сайтындағы ресми ақпаратқа сәйкес, оның үш орынбасары, яғни вице-министрлері бар:

  • Сәтжан Аблалиев,
  • Талғат Ластаев,
  • Мақсат Қалиақпаров.

#заң, #ҰҚҚ