Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті респонденттерден – жеке, заңды тұлғалардан 37,7 мыңға жуық есеп қабылдаған

Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті респонденттерден – жеке, заңды тұлғалардан 37,7 мыңға жуық есеп қабылдаған

Қазақстан Республикасының Президенті «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістерге қол қойды, бұл өзгерістер 8 маусымда күшіне енеді. Түзетулер есептерді уақытылы және дәл тапсыру шараларын күшейтпек,-деп хабарлайды abaidan.kz. « ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті » РММ басшысының орынбасары Сертай Базаров өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында бірнеше жыл бойы респонденттердің есеп беру тәртібінің нашарлауы байқалғанын атап өтті. Сонымен қатар, бастапқы статистикалық есептіліктің сапасы төмендегенін де жеткізді.

- Мемлекет субъектілердің өздері ұсынатын деректер үшін жауапкершілігін қатаңдатуға мәжбүр. Бір қарағанда, мемлекеттік статистика органдарының жұмысы көрінбейді, кем дегенде адамдар бұл туралы ойламайды. Бірақ қоғамның жұмысын жоспарлау және қамтамасыз ету біз жинайтын және өңдейтін мәліметтерге байланысты. Тұрғындардың саны, кәсіпорындар өндіретін өнім саны, әр түрлі аймақтардағы жалақы деңгейі және өңдейтін көптеген басқа көрсеткіштер бойынша біз жинайтын статистикалық мәліметтерге қоғамның әртүрлі өркениеттік игіліктермен қамтамасыз етілу деңгейі, біздің бүкіл өміріміздің жайлылық деңгейіне қарай болмақ, - деп атап өтті Сертай Базаров.

Маманның айтуынша, есептер елде және қоғамда болып жатқан оқиғалардың нақты статистикалық бейнесін алу үшін өте маңызды. Сондықтан олардың бұрмалануы күтпеген келеңсіз оқиғаларға әкелуі мүмкін.

- Бүгінгі таңда респонденттер өз есептерін электронды және қағаз жүзінде тапсыра алады. Статистиалық есеп онлайн жүзінде тапсыру әрбір респонденттердің қаржылық, еңбек, уақыт шығындарын айтарлықтай төмендетеді. 2024 жылдың қаңтар-наурыз айлар аралығында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті респонденттерден – жеке, заңды тұлғалардан 37,7 мыңға жуық есеп қабылданды, оның ішінде  онлайн режимде 36,2 жуық есеп қабылданып, олардың жалпы санының 95% құрады, өткен жылы бұл көрсеткіш 94% болған.  Ол жыл сайын өзінің белсенділігін көрсетіп келе жатыр, - деп қосты Сертай Базаров.

2024 жылы статистикалық есепті белгіленген мерзімде ұсынбағаны үшін (ҚР ӘҚБК 497-бабының 2-тармағы) айыппұл сомасы Жеке тұлғаларға үшін 36 920 теңге (10 АЕК), шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 51 688 теңгені (14 АЕК), орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 73 840 теңгені (20 АЕК) және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 443 040 теңгені (120 АЕК) құрайды.


#Абай облысы