Үржар ауылында миллиондаған теңгенің контрафактілік тауарлары анықталды

Үржар ауылында миллиондаған теңгенің контрафактілік тауарлары анықталды

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп Үржар ауданы, Үржар ауылының аумағында акцизделетін өнімді өткізуді жүзеге асыратын субъектілерге салықтық тексерулер жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша екі объектіде дүкендер мен қойма үй – жайларында сәйкестендіру құралдары жоқ «ORIS» және «МАС» контрафактілік темекі өнімдері, сондай-ақ "Jameson", "Jack Daniel 's", "Абсолют" "Русский стандарт", "Хортица", "Бульбаш", "Мороша" және басқа белгілі маркалы ішімдік өнімдерінің белгіленбеген үлгісіндегі күмәнді есепке алу - бақылау маркалары бар алкоголь өнімдері анықталды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілштеме жасап.

Тексеру қорытындысы бойынша жалпы құны 29 млн. теңгеге жуық 35 507 қорап темекі тәркіленді. Мемлекеттік бюджетке төленбеген акциздер түріндегі залал 11,3 миллион теңгені құрайды. Сонымен қатар, 11 млн. теңгеден астам сомаға 10 297 бөтелке алкоголь өнімі тәркіленді. Тексеру материалдары одан әрі талқылау және процестік шешім қабылдау үшін Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді.


#Абай облысы, #Үржар ауданы, #Үржар