"Үздік жедел уәкіл" байқауы өтті

Үздік жедел уәкіл байқауында облысымыздың тәртіп сақшысы алдыңғы қатардан көрінді, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Салтанатты марапаттау рәсімі  Алматы қаласында өтті. Жедел уәкілдер - тұтқындауға қатысады, қылмыскерлер мен құқық бұзушылардың жеке ба сын анықтайды, тергеу жүргізеді және әрқашан қауіп бар жерде жүреді.

Биыл екінші орынды жерлесіміз - Абай облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Зарипов Қуаныш иеленді. "Үздік жедел уәкіл" байқауы жыл сайын өткізіледі және криминалдық полиция қызметкерлері арасында кәсібиліктің өсуіне, сондай-ақ өңірлер арасында байланыс орнатуға ықпал етеді.


#Абай облысы, #Полиция