Ішкі істер органдарында есепте тұрғандар 55 құқық бұзушылық жасаған

Ішкі істер органдарында есепте тұрғандар 55 құқық бұзушылық жасаған

Абай облысының аумағында ағымдағы жылдың 12-20 ақпан аралығында полицейлер ішкі істер органдарында есепте тұрғанәртүрлі санаттағы  адамдарды  тексеру бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізді,-деп хабарлайды abaidan.kz  тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Учаскелік полиция инспекторлары есепте тұрған 3 мыңнан астам адамды тексерді. Олардың ішінде бұрын сотталған 502 адам, әкімшілік қадағалауға ресми түрде түсетін 505 адам, мінез-құлыққа ерекше талаптар белгілеген 300-ден астам адам, қорғау ұйғарымдары шығарылған 500-ден астам адам бар.

Рейдтік тексерулер барысында есепте тұрғандар 55 құқық бұзушылық жасады. Олардың ішінде сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған 19 адам, 15 отбасылық дебошир қорғау нұсқамаларын бұзған, пробация қызметінің есебінде тұрған 7 сотталған және 11 шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар бар.  Семей қаласының учаскелік полиция инспекторлары сотқа өрескел бұзушылықтар жасауына байланысты шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы өтінішпен 3 материал жіберді. Профилактикалық іс-шараға облыс бойынша ішкі істер органдарының 400-ден астам қызметкері жұмылдырылған. Бұл бағыттағы жұмысты учаскелік полиция инспекторлары да, пробация қызметінің қызметкерлері де тұрақты негізде жүзеге асырады.


#заң, #Абай облысы