Заңсыз алынған активтерді қайтарумен айналысатын комитет қалай қаржыландырылады

Заңсыз алынған активтерді қайтарумен айналысатын комитет қалай қаржыландырылады

Мәжіліс депутаты Снежана Имашева заңсыз алынған актитерді мемлекетке қайтару мәселелері жөнінде қабылданған заңның мәнін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзіне қарағанда, аталған заң жобасын қабылдау кезінде Мәжілістегі барлық саяси партиялардың фракциялары, бірмандатты округтерден сайланған депутаттар құжат добасны мақұлдайтындарын айтып, ұсынылған тұжырымдарды толығымен қолдаған. Кейін Мәжіліс қабылдаған зхаңды Сенат та мақұлдағаны белгілі.

Дегенмен, Снежана Имашеваның айтуынша, Парламентке кейбір сарапшылар мен заңгерлерден, конституция мамандарынан қабылданатын заңның Атазаңға сәйкестігін тексеру қажеттігі туралы өтінім түскен.

«Президент заңға қол қоймай тұрып оның Атазаға сәйкестігін тексерту үшін Конституциялық сотқа жүгінді. Кеше Конституциялық сот оны Атазаңға сай деп танып, нормативтік қаулы шығарды», - деп жазды депутат Facebook парақшасында.

Депутат елімізде ат төбеліндей топтың жердің үсті мен астындағы байлықты өзара еншілеп алғанын, соның ықпалымен экономикада, саясатта үстемдік құрып келгенін, ал қалған халық үлкен табыс таппақ түгіл, жайлы тұрмысқа зар болып отырғанын айтады.

«Әрине, бай болуға ешкім тыйым салған жоқ. Әлемнің кез келген елінде шексіз бай да, шекіз кедей де бар шығар. Өз дәулетін ақылы мен білімінің, тынымсыз еңбектің арқасныда еселеп жатқандарға ешқандай сұрақ жоқ. Ал қолындағы қызметінің, жоғары лауазым иелерімен таныстының, әкімшілік ресурстардың, ауыз жаласқан жемқорлықтың арқасныда капитал иемденгендерге арқасында капитал иемденгендерге сұрақ туындауы әділетті. Олар қолындағ ыбайлықтың қайдан келгенін, қандай жолмен келгенін дәлелдеу керек. Заңның басты мақсаты қалай орындалатынын уақыт көрсетер. Құқықтық негіз керек еді – жасалды. Қажет болса толықтырылады», - дейді Мәділіс депутаты.

Снежанна Имашева заңсыз алынған активті қылмыстық істен тыс тәркілеудің әлемдік тәжірибеде бар тәсілін ұлттық заңнамаға енгізетінін айтады.

Бұл жерде «ерікті қайтару» және «азаматтық мәжбүрлеп қайтару» құралдары қолданылады. Әуелі активінің сомасы 100 млн доллардан асатын адамдардың капиталының заңдылығы тексеріледі. Бұл тұлғаларды Үкімет мүшелері мен Парламент депутаттарынан, қоғамдық ұйымөкілдерінен құралған арнайы комиссия тізімге алады. Тізімге енген адамдар капиталының заңдылығын ашып көрсету керек деген сөз. Заңдылығын дәлелдеу үшін тиісті декларация тапсырады. Заңсыз активтерді іздеу мен қайтару ісі Бас прокуратураның жанынан құрылатын комитетке жүктеледі. Қайтарылған активтер қорға аударылып, әрі қарай қазақстандықтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталады. Возвращенные активы будут

«Бас прокуратура жанындағы заңсыз активтерді қайтаратын комитетті қолда бар қаражаттан қаржыландырады. Бұдан бөлек балама жолы да көзделген. Қажет болған жағдайда комитет жұымысына алғашқы лекпен қайтарылған қаражат та жұмсалуы мүмкін», - дейді Снежана Имашева.