Заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді

Заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді

Абай облысы тұрғынынан заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен хабарлады.

Семей қаласы Полиция басқармасы экстермизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің  қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1960 жылы туған Шаған ауылының тұрғынын ұстады, оның үйін кейінге қалдырмай тінту барысында Заңсыз сақталған екі мылтық, үш жүзден астам патрондар табылып, тәркіленді.

Тексеру нәтижесінде тәркіленген оқ-дәрілер мен қару-жарақ марқұм әкесіне тиесілі екені анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру).

Аталған баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруды көздейді.