Желіде 20 мың оқырманы бар жарнама жасаушылардың кірісі бақылауға алынады

Желіде 20 мың оқырманы бар жарнама жасаушылардың кірісі бақылауға алынады

Мемлекеттік кірістер комитеті блогерлер мен интернетте жарнама жасайтын желі қолданушылардың табысын бақылайды,-деп хабарлайды abaidan.kz  ақпараттық агенттігі  kaz.inform.kz сілтеме жасап.

— Камералдық бақылауға тек блогерлер ғана емес, барлығы кіреді. Мақсат — салық міндетінің орындалуын анықтау, — делінген комитет таратқан қосымша хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, камералдық бақылауға әлеуметтік желіде 20 мыңнан астам оқырманы бар жарнама жасап табыс тауып жүрген азаматтар кіреді. 

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті табысын төмен көрсеткен блогерлерге хабарлама жібере бастағаны туралы хабарлаған едік.

Комитет 2022-2023 жылдардағы салық декларациясы мәліметтерін салыстыра отырып 594 тұлғаның табысынан 53,3 млрд теңгеге сәйкессіздікті анықтады. Осы орайда блогерлерге салықты төлеуге 30 күн уақыт берілді.

Сондай-ақ кірістер комитеті енді интернет-ресурстарда онлайн-жарнамаларды жариялаудан түсетін табыс көздері бақылауға алынатынын ескертті. Оның қатарында интернетте курс сату, сауда жасау, ұтыс ойындарын өткізу тағы сол сияқты қызметтер бар.


#заң, #салық