Абай гарнизонында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шарасы өтті
Абай гарнизонында әскери қызметшілердің отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық шара өтті,- деп хабарлайды abaidan.kz ақпарат агенттігі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Отбасын және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету ортлағының заңгері мен психологы, сондай-ақ Әскери полиция басқрамасының алдын-алу бөлімінің бастығы қатысты. Мамандар әскери қызметкерлерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құқықтық саолдары, оның алдын алу жолдары және отбасындағы қарым-қатынастынығайту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында профилактикалық бейнероликтер көрсетліп, қатысушыларға маңызды ақпараттар ұсынылды. Іс-шара соңында орталықтар мен құқық қорғау органдарының сенім телефондары таратылды.
Мұндай шаралар әскери ортада құқықбұзушылықтардың алдын алып, отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған.
#Абай облысы, #Абай өңірлік гарнизоны, #зорлық-зомбылық