Еурохаттама — жол-көлік оқиғасын онлайн рәсімдеудің тиімді жолы

Еурохаттама — жол-көлік оқиғасын онлайн рәсімдеудің тиімді жолы

Жол-көлік оқиғаларын рәсімдеуді оңайлату мақсатында жүргізушілерге «Еурохаттама» қосымшасы ұсынылады. Аталған сервис арқылы ұсақ жол-көлік оқиғаларын полиция қызметкерлерін шақырмай-ақ, онлайн форматта рәсімдеуге болады. Қосымша App Store және Play Market платформаларында қолжетімді. Еурохаттама жолдағы уақытты үнемдеуге және кептелістердің алдын алуға мүмкіндік береді. Абай облысы Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.


#заң, #жол, #жол апаты