Семейлік жас ұландар «Айбын-2026» халықаралық жиынына дайындалуда

Семейлік жас ұландар «Айбын-2026» халықаралық жиынына дайындалуда

Семей қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» ерлер мектеп-лицейінің тәрбиеленушілері «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қызу дайындық жүргізуде, деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Арландар» деп аталатын команда сайыс бағдарламасына енген бірнеше кезең бойынша шеберліктерін шыңдап жатыр.

Жас ұландар АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинау, әскерилендірілген кросс, арқан тарту және басқа да жарыс түрлерінен жаттығуларын пысықтауда. Дайындық барысында тәрбиеленушілер ептіліктері мен төзімділіктерін арттырып, командалық рухты нығайтуға баса мән беруде.

Ұландықтардың айтуынша, «Айбын» әскери-патриоттық жиыны жас буынның бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, салауатты өмір салтын ұстануға, тәртіп пен жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.

Айта кетейік, өткен жылы Абай облысының жас ұландары «Айбын-2025» халықаралық жиынында жоғары нәтиже көрсеткен болатын. Атап айтқанда, Семей қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мамандандырылған мектеп-интернатының командасы әскери мектептер арасында үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі орынға ие болған еді.

Биыл да семейлік жас ұландар халықаралық додада өңір намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсетуге ниетті.


#Абай облысы, #Абай өңірлік гарнизоны