Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құру қажеттігін айтты.
Президент бұл туралы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында көтерген бастамасына қатысты өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Мемлекет басшысының пікірінше, комиссияның негізгі міндеті – бағдарлама аясында бөлінген бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын бақылау.
Комиссия құрамына бірқатар салалық ведомство басшылары, Құрылтай мен мәслихат депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер және журналистер кіреді.
Осылайша, комиссия жұмысына мемлекеттік органдар өкілдерімен қатар азаматтық қоғам мүшелері де қатысады. Бұл бюджет қаражатының жұмсалуына қоғамдық бақылау орнатуға бағытталған.




