Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Құрылтай 67 қаралымabaidan.kz

Семейде 400-ге жуық Ұлттық ұлан сарбазы Құрылтай сайлауында дауыс берді

Семейде 400-ге жуық Ұлттық ұлан сарбазы Құрылтай сайлауында дауыс берді

Семей қаласында Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты №5511 әскери бөлімінің 400-ге жуық әскери қызметшісі Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз азаматтық таңдауын жасады.

Таңғы уақыттан бастап әскери бөлімнің жеке құрамы дауыс беру учаскесіне барып, елдің саяси өміріндегі маңызды науқанға белсенді қатысты. Әскери қызметшілер Алматы, Жетісу, Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларынан әскер қатарына шақырылған.

Солардың бірі – Астана қаласынан Ұлттық ұлан қатарына шақырылған қатардағы жауынгер Ерсұлтан Құрманбаев. Ол да дауыс беру учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

«Бүгінгі Құрылтай сайлауы – еліміздің болашағы үшін маңызды саяси оқиға. Әр азамат өз таңдауын жасап, елдің дамуына үлес қосуы керек деп ойлаймын. Мен де азаматтық борышымды орындап, өз таңдауымды жасадым», – деді Ерсұлтан Құрманбаев.

Айта кетейік, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша барлығы 6 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Мұнда мерзімді әскери қызметшілермен бірге офицерлер мен сержанттар да дауыс беруде.

Әскери қызметшілердің сайлау үдерісіне қатысуы олардың елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласатынын көрсетеді. Құрылтай депутаттарын сайлау – азаматтардың елдің болашағына қатысты өз ұстанымын білдіруіне мүмкіндік беретін маңызды саяси науқан.