Бесқарағай ауданы тағы бір жаңа мәдениет ошағымен толықты

Бесқарағай ауданы тағы бір жаңа мәдениет ошағымен толықты

Бесқарағай ауданына қарасты Өндіріс ауылында 100 орындық ауылдық клуб өз жұмысын бастады,-деп хабарлайды abaidan.kz  тілшісі Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Мәдениет ошағына аудан әкімі атынан музыкалық аппаратура сыйға тартылды. 

- Бесқарағай ауданы – қазақ өнері мен мәдениетінің көрнекті тұлғалары дүниеге келген, сабақтастықтың алтын тіні үзілмеген, ел-халықтың ықыласына бөленген таланттарға бай өлке. Өткен жылы ауданда ауқымды жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда Бесқарағай ауылында 300 орындық жаңа мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Долон, Беген ауылдарында шағын футбол алаңдары салынып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға арналған 70 тұрғын үй табысталды, - деді аудан әкімінің орынбасары Нұржан Агибаев.

Жалпы Өндіріс ауылында 2023 жылы кіреберіс жол жөнделіп, ауыл тұрғындарының көптен күткен сұранысы орындалған. 

Айталық, бүгінге дейін ауданда 7 ауылдық клуб ел игілігіне берілген.


#Бескарагай