Асуан Сиябеков: Весь мир заинтересован в безопасности АЭС
В своем обращении к нации глава государства подробно рассказал об энергодефиците и заявил, что назначит на 6 октября общенациональный референдум по строительству АЭС. По этому поводу у нас было интервью с генеральным директором ТОО «Казахстанские АЭС» Асуаном Сиябековым.
- Асуан Онгарбекулы, какие реакторы можно будет установить в случае строительства в стране АЭС? Была ли их безопасность должным образом изучена?
- Если народ сделает правильный выбор на всенародном референдуме, давайте подумаем, какую реакторную технологию лучше установить в стране. Изначально мы изучали и изучали 13 реакторных технологий. Это технические и коммерческие технологии, предлагаемые Китаем, Южной Кореей, Россией, США, Францией. Среди них нам нужны реакторы с водой под давлением. Сейчас в мире 415 реакторов. 200 называются водоводяными или водо-водяными реакторами.
МАГАТЭ (Агентство по надзору за атомной энергией) консультирует и предлагает эффективные проекты странам, которые только начали строительство атомных электростанций. У него есть свой срок. В первую очередь, то есть эталонный блок, который нужен нашей стране. Имеется в виду блок с опытом работы в другой стране. Кроме того, опыт строительства отличный. Если есть изъян, он предлагает нам улучшенные и переработанные технологии.
Чтобы отфильтровать все 13 реакторных технологий, мы создали критерии на основе документации по безопасности и нормативной документации и отправили их в Ассистему. Его цель – определить правильные или неправильные места. Независимая французская компания положительно оценила и поддержала нашу работу над критериями. В результате было выбрано 4 реактора. Они схожи между собой по мощности и технической базе. Поскольку безопасность является нашим главным приоритетом, мы уделили этому аспекту больше внимания. Повторяю, все четыре из них — водоводяные реакторы.
- Если возможно, опишите, пожалуйста, некоторые из этих реакторов.
- Эту водоводяную технологию французы используют с 50-х годов прошлого века. Другие ведущие страны также строят атомные электростанции с технологией подачи воды под давлением. Они по-прежнему нормально работают без какой-либо опасности. Поэтому у них большой опыт в этой сфере, который будет полезен всем.
Сегодня страны мира создают собственные реакторы и строят собственные атомные электростанции на основе французской технологии. Из-за геополитической ситуации последних лет и удаленности дороги логистические услуги стоят дорого. А логистика оборудования АЭС и целых блоков требует немалых денег. Поэтому этот аспект не следует учитывать при выборе компаний, которые будут строить АЭС.
Енді бізге керек реакторлық технологияның үздіктеріне тоқталайын. Оңтүстік Кореяны алып қарайтын болсақ, олардікі – америкалық технология. Оны өзіне бейімдеп, сол технологияны өзі жасайтын дәрежеге жетті. Төрт блоктан тұратын алтын эталонды технология қазір Біріккен Араб Әмірліктерінде жұмыс істеп тұр. Кореялық технология неге «Алтын эталон» деген атқа ие? Өйткені ол МАГАТЭ-нің барлық ұсынысын ескере отырып жасалған. Оған қоса талаптар үдесінен толық шыққан. Яғни мінсіз деуге лайықты. Сондықтан ол МАГАТЭ-нің «Алтын эталон» технологиясы деп аталады.
– Жақын көрші елдерде жасалған технологиялар туралы да біле отырайық.
– Қытайлық реакторлық технологияға назар салсақ, ол да бастауын Франциядан алады. Қазір өздері де сол сияқты реакторлық технологияны жасақтап жатыр. Қытай бұл технологиясын өзінде де, шетелде де қолданады. Оның біз үшін тиімділігі – логистикасы қолайлы, яғни арақашықтық жақын. Керек-жарақты әкелу арзанға түседі. Сонымен бірге Қытайда құрылыс үрдісі өте тез, жылдам жүреді. Бірақ сапасы барлық талапқа сай. Сапа бойынша сынақтан өте жақсы өткен. Технологиясы жылда оңтайландырылып тұрғандықтан, сапасын жоғалтпайды.
«Росатом» – атом энергетикасы саласындағы технологиялардың бүкіл өмірлік циклін біріктіретін компания. Уран өндіру, байыту, отын өндіру, АЭС салу, пайдалану, пайдаланудан шығару және пайдаланылған отынды басқару. Бұл тапсырыс берушіге бір келісімшартпен кешенді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, жобаны басқарудың барлық үдерісін айтарлықтай жеңілдетеді. Сонымен қатар «Росатом» АЭС жұмысының барлық кезеңінде ұзақмерзімді баға тұрақтылығына және сенімді жеткізуге кепілдік береді. 18 жылда 18 АЭС-ті іске қосқан. 7 елде 22 қондырғы салып жатыр.
– Елдегі ЖОО-лар мен «Ұлттық ядролық орталық», сондай-ақ «Ядролық физика институты» АЭС мамандарын өзіміз даярлай аламыз дейді. Бұған қатысты не айтасыз?
– Өзімізде қанша жақсы маман даярлағанмен, әрбір реактордың ерекшелігіне байланысты АЭС салушы компания арқылы персоналдың тым құрығанда біліктілігін арттырып алғанның артығы жоқ. Әл-Фараби және Еуразия ұлттық университеттері маман даярлап жатыр. Олардан шыққан мамандардың білімі де, білігі де талапқа сай. Бірақ оларды бірден АЭС-тің басқару пультіне отырғызуға болмайды. Себебі ол жер – жауапкершілігі өте жоғары орын. Сондықтан реакторлық технология таңдалған шақта, оны жасаған елде біліктілігін міндетті түрде шыңдап қайтқаны абзал. Өйткені әр реакторда өзінің үйрену жұмыстары бар. Ол, әрине, келісімшартта көрсетілетін болады.
– Егер мамандар өзімізде даярланса, ол АЭС құрылысының жалпы құнына әсер ете ме?
– Бұл да келісімшарт кезінде ескеріледі. Кейбір вендорлар маман даярлауға ақы алмайды. Десек те, олардың қатарында ақы сұрайтындары да бар.
– Қоғам белсенділерінің кейбірі жемқорлық мәселесіне алаңдаулы. АЭС құрылысы кезінде де қаржы талан-таражға түсіп, нысанның талапқа сай болуына нұқсан келмей ме деп қауіптенеді.
– Жемқорлық барлық елде бар. Дегенмен қауіпсіздігі бізге ғана емес, бүкіл ғаламға қажет алып жобада суық қолдарға жол жоқ деп ойлаймын. Өйткені МАГАТЭ-нің комиссарлары мен халықаралық ұйымдар іргетасы қаланғаннан бастап жобаны қатаң бақылауда ұстайды.
Сондықтан біздің консультанттарды есептемегенде, халықаралық дәрежедегі тексерушілер ұдайы қатысады. Олар тіпті іргетасынан емес, құжаттарды әзірлеу кезеңінен бастап қатаң қадағалауға алады. Себебі ешкімнің басы екеу емес. Халықаралық тексерушілер АЭС салынатын орынды мұқият қарайды. Оған жасалған нормативтік құжаттарды тексереді. Ол жер дұрыс таңдалды ма? Тағы бір қосалқы жұмыстар атқару керек пе? Техникалық-экономикалық негіздеме дұрыс жасалды ма? Бәріне бәрінің көзі толық жеткенде барып, АЭС құрылысын бастауға келісім береді.
Сол себепті, әлемде жұмыс істеп тұрған 415 реактордың әрбірінің жұмысы қатаң бақылауда. Ол бақылауды МАГАТЭ-нің ресми сайтынан көруге болады. Жалпы, сол ресурстан АЭС-тегі барлық жұмыс үдерісін онлайн қадағалау мүмкіндігі бар.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен –
Нұрбай ЖОЛШЫБАЙҰЛЫ,
«Egemen Qazaqstan»