Абай облысы әкімдігінде облыстағы жекелеген кәсіпорындардың қызметі, оның ішінде еңбек дауларын шешу мәселелері қаралды

Абай облысы әкімдігінде облыстағы жекелеген кәсіпорындардың қызметі, оның ішінде еңбек дауларын шешу мәселелері қаралды

Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысы өтті. Жиынға басқарма басшылары, қала, аудан әкімдері, комиссия және кәсіпорын өкілдері қатысты,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Кездесу барысында облыстағы кәсіпорындардың қызметіне қатысты сұрақтар талқыланды. Яғни, Аягөз және Абай аудандарының әкімдігіне кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп, «Alina Group», «Alina Holding» және «БАСТ (BAST)» кәсіпорындарында туындайтын мәселелерді тұрақты бақылауға алу тапсырылды. 

Сонымен қатар, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен бірлесіп, жұмыстан босатылған қызметкерлерді жұмысқа орналастыру бағытында тиісті шаралар қабылданады. Ал, санитариялық эпидемиологиялық қадағалау департаменті өнеркәсіптік обьектілерде санитарлық қорғау аймағындағы талаптарды сақтау бойынша бақылауды күшейтеді. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменті өндірісте қауіпсіздік шараларын сақтау бөлігінде бақылауды күшейту бойынша жұмысты жалғастырады.


Сонымен қатар, салалық келісімнің тармақтарын іске асыру шеңберінде кейбір мемлекеттік органдардың жыл сайынғы еңбек демалысы бойынша сауықтыру жәрдемақысын төлеу жөніндегі міндеттемелеріне қатысты мәселе қаралды.

Нұсқауларға сәйкес тиісті хаттама дайындалады. Бұл жұмыс Абай облысы әкімдігінің қатаң бақылауында.


#Абайская область, #Аким области Абай