Алматыда IV Халықаралық Түркітілдес журналистер медиа форумы өтуде

Алматыда IV Халықаралық Түркітілдес журналистер медиа форумы өтуде

Бүгін Алматы қаласында «TURKTIME: ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ МЕДИА ЖӘНЕ ТУРИЗМ БІРЛІГІ» тақырыбында  IV Халықаралық Түркітілдес журналистер медиа форумы өтуде. Шараға Британия, Германия, Түркия, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр сынды тағы бірнеше елден туризм және медиа саласының өкілдері, сондай-ақ еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Парламент депутаттары, журналистика саласының тәжірибелі сарапшылары, республикамыздың атқарушы орган өкілдерінің баспасөз хатшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Форумда шетелдік және отандық медиа және туризм саласының мамандары түркі елдерінің бірлігін арттыру, туыс халықтар арасындағы мәдени, туристік және журналистика саласындағы байланыстарды арттырудың маңыздылығы туралы ойларын ортаға салды. 

Түркітілдес журналистер қорының он жыл ішінде атқарған қызметі мен отандық журналистика саласына қосқан үлесі туралы қатысушылар форум аясына кеңінен атап өтті. Мәселен, осы жылдарда қор ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға және қаржылық қолдау қажет аймақтағы БАҚ қызметкерлеріне қаржылық қолдау білдіріп келеді. Сонымен қатар қор жанынан құрылған жас журналистер мектебінде тәлім алған мектеп түлектеріне де тегін онлайн курстар ұйымдастырып келеді. Сол курстардан тәлім алған түлектердің бірқатары еліміздің журналистика факультеттеріне оқуға түсіп, тегін грант алды. Бұдан басқа, жыл сайын қордың ұйымдастырумен БАҚ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағытында әртүрлі тақырыптарда семинар-тренингтер өтіп тұрады. 

Бүгінгі форумда да спикерлер «Түркі елдеріндегі туризм және пиар», «Түркі елдеріндегі геосаяси ахуал және медиа нарық», «Ақпаратты тұтынудың болашағы: Жасанды интеллект, жаңа форматтар», «Аймақтық БАҚ және бәсекелестік» тақырыбында баяндама жасады.


#Алматы, #медиа форум, #фондтюркоязычныхжурналистов