«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалы Журналистер күніне орай БАҚ өкілдерін құттықтады

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалы Журналистер күніне орай БАҚ өкілдерін құттықтады

Жыл сайын 28 маусымда аталып өтетін Журналистер күніне орай «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалы еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары саласында еңбек етіп жүрген мамандарды кәсіби мерекесімен құттықтап, Алғыс хаттармен марапаттады.

Салтанатты шара барысында партия журналистердің қоғам өміріндегі маңызды рөлін ерекше атап өтті. Алғыс хаттарда: «Партия БАҚ-тың қоғам алдындағы жоғары жауапкершілігі мен кәсіби адалдығын жоғары бағалайды. Журналистердің еңбегі – халықтың еркін ақпарат алуына, азаматтық қоғамның нығаюына және ел бірлігінің артуына тікелей ықпал етеді» – делінген.

«AMANAT» партиясы бұқаралық ақпарат құралдарын тек жаңалық таратушы ғана емес, сонымен бірге қоғам мен билік арасындағы сенімді байланысты қамтамасыз ететін маңызды институт ретінде қарастырады. Партия өкілдерінің айтуынша, журналистика – үлкен жауапкершілік пен шынайылықты талап ететін сала.

 Қазіргі заманғы ақпараттық кеңістікте журналистердің рөлі бұрынғыдан да арта түсті. Сындарлы көзқарас, объективтілік пен кәсіби адалдық – қоғамның дамуына негіз болады. Біз ел мүддесі үшін жұмыс істейтін барлық журналистерге алғыс айтамыз, – деді «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы Айдар Садаырбаев. 

Сонымен қатар, партия БАҚ өкілдерімен ашық  диалог жүргізуге әрдайым дайын екенін жеткізді.


#Семей, #Абайская область, #праздник, #партия АМАНАТ